Ақтоғай ауданында 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
К. Арынов
Ақтоғай ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша 2025 жылғы
4 желтоқсандағы
№ 244
Бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
|
№
|
Түрі
|
Күніне бір қызмет алушыға тариф,
теңге
|
Бір қызмет алушыға тариф, ай сайын,
теңге
|
|
1.
|
Үйде қызмет көрсету жағдайында
|
3902,5
|
62440,0
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.