Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 қараша 2025 ж.
Ақтау қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтау қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы
С.Т.Закенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.