Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 қараша 2025 ж.
Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 175 «Әйтеке би ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының «Әйтеке би ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 9 ақпандағы № 175 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8506 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы
Б. Сейлханов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.