Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мынадай шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы» 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3831 болып тіркелген);
2) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының ««Солтүстік Қазақстан облысының ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 28 наурыздағы № 13/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4162 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы
В. Бубенко
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.