«Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № А-3/178 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № А-3/178 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8906-03 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Ақмола облысында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесінің қосымшасында:
реттік нөмірі 2-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
|
2.
|
Ақмола облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газета) ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру қызметі (Вn)
|
Шаршы сантиметр
|
Ақмола облысы
|
520
|
550
|
600
».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы
Е. Рамазанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.