Үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау, қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қараша 2025 ж.

    Үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау, қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтау туралы

    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 55-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындар айқындалсын.

    2. Қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтауды Шымкент қаласының аудан әкімдерінің аппараттары қамтамасыз етсін.

    3. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы 2026 жылғы 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Шымкент қаласының әкімі

    Ғ. Сыздықбеков

    Шымкент қаласы әкімдігінің

    2025 жылғы «_27_» ___11____

    № _6523_ қаулысына

    қосымша

    Үй жануарларын серуендетуге тыйым салынған орындар

    Орын­дар
    1.
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ба­ла­лар ұй­ым­да­ры­ның аумақ­та­ры
    2.
    Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның аумақ­та­ры
    3.
    Дене шы­нық­ты­ру-спорт­тық ұй­ым­дар­дың аумақ­та­ры
    4.
    Ме­ди­ци­на­лық және ем­деу ұй­ым­да­ры­ның аумақ­та­ры
    5.
    Мә­де­ни­ет ұй­ым­да­ры­ның аумақ­та­ры
    6.
    Ба­ла­лар мен спорт­тық ой­ын алаң­да­ры­ның аумақ­та­ры
    7.
    Адам­дар шо­мы­лу­ға рұқ­сат еті­л­ген аумақ­тар
    8.
    Тый­ым са­лу бел­гі­ле­рі ор­на­ты­л­ған, се­ру­ен­де­у­ге ар­нал­ма­ған аумақ­тар
    Өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындар
    Орын­дар
    1.
    Қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру кә­сі­по­рын­да­ры (кө­зі әл­сіз кө­ре­тін адам­дар­ға ар­нал­ған қыз­мет­тік ит­тер мен же­те­ле­у­ші ит­тер­ден бас­қа)
    2.
    Сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту азық-тү­лік дү­кен­де­рі­нің са­уда және өн­ді­рі­стік зал­да­ры
    3.
    Мә­де­ни ме­ке­ме­лер (ит­тер қа­ты­са­тын көр­ме­лер, ой­ын-са­уық және бұ­қа­ра­лық іс-ша­ра­лар өт­кі­зу жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да)
    4.
    Ді­ни ұй­ым­дар (бір­ле­стіктер)
    5.
    Ба­ла­лар ұй­ым­да­ры­ның үй-жай­ла­ры
    6.
    Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның үй-жай­ла­ры
    7.
    Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­дың үй-жай­ла­ры

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.