Қызылорда қаласында жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қараша 2025 ж.

    Қызылорда қаласында жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 582-бабының 1-тармағына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 ақпандағы №242-34/4 шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8590-11 болып тіркелген) бекітілген Қызылорда қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде, Қызылорда қаласында жер салығының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Салық кодексiнiң 577 және 578-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерiнен 35 (отыз бес) пайызға жоғарылатылсын.

    2. Осы шешiм 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі және ресми жариялануға жатады.

    Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы

    И. Құттықожаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.