Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 қараша 2025 ж.
Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 қазандағы № 327 «Алға ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 бабының 11-тармағына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 қазандағы № 327 «Алға ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімі жойылсын.
2. Осы шешім оның қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихатының төрағасы
М. Тулеуов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.