Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 2 желтоқсан 2025 ж.
«Жақсы ауданының жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы» Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № а-7/144 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жақсы ауданының жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемаларын бекіту туралы» Жақсы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № а-7/144 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
Осы қаулының 2 тармағында «орынбасары Р. Рамазановқа жүктелсін.» деген сөздер «бақылау жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Қадыралина
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.