Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мөлшерлемесінің мөлшерін қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне байланысты есепті салық кезеңі үшін 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы
Г. Әбілқайырова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.