Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 қараша 2025 ж.
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы
Б. Нарымбетов
Шымкент қаласы мәслихатының
2025 жылғы 28 қарашадағы
№ 30/273-VIII шешіміне
қосымша
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері
|
Тарих және мәдениет
ескерткіштерінің түрлері
|
Жалдау ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын)
|
|
Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері
|
1,0
|
|
Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер
|
0,8
|
|
Монументтік өнер құрылыстары
|
1,0
Ескерту: Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері жалдау ақысының мөлшерлемелерін жалдауға алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады.
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.