«Семей қаласының коммуналдық қалдықтарын басқарудың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/200-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 38/200-VIII «Семей қаласының коммуналдық қалдықтарын басқарудың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Семей қаласының коммуналдық қалдықтарын басқарудың 2024-2028 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Семей қаласын дамытудың жалпы мәліметтері мен стратегиялық жоспарлары» деген 1-тарауда «Семей қалалық әкімшілігінің құрамына кіретін ауылдық округтер» деген кесте алынып тасталсын.
2-тарауда Семей қаласының коммуналдық қалдықтарын басқарудың қолданыстағы жүйесін талдау Соңғы 5 жылдағы негізгі көрсеткіштердің динамикасы» деген 2.2 - тармақта.:
«2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 21/154-VII» деген сөздер мен сандар «2024 жылғы 20 қарашадағы № 34/181-VIII» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
«Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары» деген кестеде:
14 - тармақтағы «0,89» саны «1,06» санымен ауыстырылсын;
15 - тармақтағы «2,61» саны «1,96» санымен ауыстырылсын;
«2022 жылғы 29 шілдедегі № 27/215-VII» деген сөздер мен сандар «2024 жылғы 20 қарашадағы № 34/182-VIII» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы мәслихатының төрағасы
Е. Сагандыков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.