Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қараша 2025 ж.

    Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2 тармақшасына, «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйырығына және Қордай ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның 2025 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс отырысының № 5 хаттамасына сәйкес, Қордай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылдық округінде орналасқан «Қарақоңыз» су қоймасында орын алған апаттық жағдай салдарынан Масанчи ауылы тұрғындарының тыныс-тіршілігін бұзылуы қауіпі туындауына байланысты «Қарақоңыз» су қоймасында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын;

    2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Қордай ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызбек Төленұлы Бақаев тағайындалсын және оған техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын;

    3. Жамбыл облысы «Қордай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

    4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын;

    5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Б. Болатбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.