«Alatau» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 қараша 2025 ж.

    «Alatau» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Alatau» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Alatau» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. «Alatau» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда Алматы облысының Қонаев және Алатау қалаларының, Талғар және Іле аудандарының аумағында орналасқан.

    АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

    АЭА аумағы өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін, оның ішінде әуежайлардың қызметін дамытуға арналған аумақты қоса алғанда, 98982,98 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;

    «Alatau» арнайы экономикалық аймағы шекараcының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Alatau» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысына

    1-қосымша

    «Alatau» арнайы

    экономикалық аймағы

    туралы ережеге

    қосымша

    «Alatau» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары

    «Alatau» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы S = 98982,98 га

    ___________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2023 жылғы 6 қазандағы

    № 624 қаулысымен

    бекітілген

    «Alatau» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

    Р/с
    Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер
    Өлшем бірлігі*
    Базалық кезең (2025 жыл)
    2031 жылға қарай қол жеткізу
    2036 жылға қарай қол жеткізу
    2041 жылға қарай қол жеткізу
    2047 жылға қарай қол жеткізу
    нысаналы индикатор
    нысаналы индикатор
    нысаналы индикатор
    нысаналы индикатор
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    9
    1
    Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:
    млрд теңге
    10
    174,1
    813,7
    1026,84
    1666,64
    1.1
    шетелдік инвестициялар көлемі
    млрд теңге
    0
    79,70
    308,64
    582,73
    1028,32
    1.2
    отандық инвестициялар көлемі
    млрд теңге
    10
    94,40
    505,06
    444,11
    638,32
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    9
    2
    АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі
    млрд теңге
    0
    435
    842
    1172
    1759
    3
    Қатысушылар саны (компаниялар)
    бірл.
    4
    44
    50
    52
    53
    4
    АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны
    адам
    120
    2800
    5853
    10589
    17366
    5
    АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
    %
    0
    34
    41
    63
    91
    * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
    ____________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.