Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағын кішірейту туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 желтоқсан 2025 ж.

    Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағын кішірейту туралы

    «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағы 30 гектарға кішірейтілсін.

    2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

    «Жамбыл облысы» деген бөлімде:

    реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    42
    Жу­сан­да­ла мем­ле­кет­тік қо­рық ай­ма­ғы
    2756978,68
    Ал­ма­ты об­лы­сы­ның Бал­қаш, Іле, Жам­был аудан­да­ры; Жам­был об­лы­сы­ның Қор­дай, Шу және Мой­ын­құм аудан­да­ры
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі ко­ми­те­ті
    ».
    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.