Көкшетау қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салықтардың мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қараша 2025 ж.

    Көкшетау қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салықтардың мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабын сәйкес, Көкшетау қаласы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:  

    1. Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабы бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерлеменің мөлшері 4%-дан 3%-ға төмендетілсін.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы

    Д. Әкімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.