2026 жылға Көкшетау қаласында кондоминиум объектісін басқаруға және жалпы мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төмен шығыстар мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 маусым 2026 ж.

    2026 жылға Көкшетау қаласында кондоминиум объектісін басқаруға және жалпы мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төмен шығыстар мөлшерін бекіту туралы

    «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы №166 бұйрығының 1-тараудың 4-тармағына сәйкес «Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірде №20284 болып тіркелген) қаулысына сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Көкшетау қаласы бойынша 2026 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері ай сайын 1 (бір) шаршы метр үшін 72,23 теңге мөлшерінде бекітілсін, бұл тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,0167 бөлігін құрайды.

    3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы

    Д. Әкімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.