Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 26 қараша 2025 ж.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация бойынша арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық ставкасын төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында оңайлатылған декларация бойынша арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының ставкасы 2026 жылы алынған (алуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының төрағасы
Ж. Елеусізов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.