Жер салығының базалық салықтық мөлшерлемелерін түзету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 582-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 577 және 578- баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға арттырылсын.
Осы тармақтың ережесі Кодекстің 581-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы
С. Баумағанбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.