Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қараша 2025 ж.

    Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Күші жойылды деп танылсын:

    1) «Зайсан аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі №01-03/VIII-2-14/4 (Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2023 жылғы 12 мамырда 181021 мемлекеттік тізіміндегі тіркеу нөмірімен жарияланған) шешімі;

    2) «Зайсан аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №28-3/1 (Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2023 жылғы 23 қаңтарда 178005 мемлекеттік тізіміндегі тіркеу нөмірімен жарияланған) шешімі;

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы

    Е. Загипаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.