Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 24 қараша 2025 ж.
Арал ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арал ауданы бойынша төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, есепті салықтық кезеңде оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салық салу объектісіне 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Арал аудандық мәслихатының төрағасы
Б.Турахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.