Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкерлерге жалақыға қосымша ақы белгілеу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қараша 2025 ж.

    Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкерлерге жалақыға қосымша ақы белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына, «Ауылдық аумақтардың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 70-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкерлерге жалақыға қосымша ақы (25 пайыз) белгіленсін.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы

    М. Омарғалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.