Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 қараша 2025 ж.
Мақаншы ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Мақаншы ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мақаншы ауданында төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, есепті салықтық кезеңінде оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Мақаншы ауданы мәслихатының төрағасы
Б. Биболов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.