Үржар ауданында жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 қараша 2025 ж.

    Үржар ауданында жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының салық кодексі» Кодексінің 726 бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Үржар ауданында, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық төлеуші есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне қолданылатын мөлшерелеме 2 пайызға төмендетілсін.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Үржар аудандық мәслихатының төрағасы

    А. Омаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.