Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 26 қараша 2025 ж.
Абай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес, Абай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, Абай ауданында корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне мөлшерлеме мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Аудандық мәслихаттың төрағасы
М. Нұрсұлтанұлы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.