Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 қараша 2025 ж.
Шардара ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726 бабына сәйкес Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шардара ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшерін 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Аудандық мәслихат төрағасы
Б.Муталиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.