Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қараша 2025 ж.

    Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2024 жылғы 27 наурыздағы № 131/15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7525-14 болып тіркелген);

    2) Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы № 544/72 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7051 болып тіркелген).

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы

    Қ. Кожин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.