2026 жылға арналған Шарбақты ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қараша 2025 ж.

    2026 жылға арналған Шарбақты ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шарбақты ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталып қалатын салықтардан басқа, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін салық салу объектісіне есептелетін есепті салық кезеңі 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Аудандық мәслихат төрағасы

    Г. Смаилханова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.