Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 2883 «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыруды енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қараша 2025 ж.

    Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 2883 «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыруды енгізу туралы

    Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 2883 «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

    14-тармақ келесі мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «5-1) әскери тіркеу және әскери қызметке шақыру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;».

    2. «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

    1) осы қаулыны Өскемен қаласы әкімінің ресми интернет ресурсында орналастыруды;

    2) Қазақстан Республикасының заңнамсында көзделген осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Өскемен қаласының әкімі

    А. Акышов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.