Бәйдібек ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қараша 2025 ж.

    Бәйдібек ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 726-бабына сәйкес Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Бәйдібек ауданында төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде алынған (алынуға жататын) мөлшерлемесі 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

    2. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы №14/67-VIII «Бәйдібек ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6484-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Мәслихат төрағасы

    И.Түймебаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.