«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қараша 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережесінде:

    15-тармақта:

    мынадай мазмұндағы 370-1) және 370-2) тармақшалармен толықтырылсын:

    «370-1) бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін келісу;

    «370-2) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін әзірлеу;»

    375) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «375) аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын әзірлеу және келісу;»;

    мынадай мазмұндағы 382-1), 382-2) және 382-3) тармақшалармен толықтырылсын:

    «382-1) Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілеу;

    382-2) Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындау;

    382-3) Сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін ұйымдастыру, қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

    мынадай мазмұндағы 421-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «421-1) төтенше жағдай салдарынан тұрғынжайсыз қалған азаматтарға салынған тұрғын үй беру қағидаларын айқындау;»;

    мынадай мазмұндағы 452-11), 452-12), 452-13), 452-14), 452-15), 452-16) және 452-17) тармақшалармен толықтырылсын:

    «452-11) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процестерін мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

    452-12) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

    452-13) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасының жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

    452-14) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасының әкімшісін айқындау;

    452-15) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобаларының үлгілік конкурстық құжаттамасын әзірлеу және бекіту;

    452-16) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

    452-17) бірыңғай есеп айырысу орталығының жұмыс істеу талаптары мен тәртібін айқындау;»;

    456) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «456) коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесін, бірыңғай төлем құжатына қойылатын талаптарды және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

    мынадай мазмұндағы 478-3) тармақшамен толықтырылсын:

    «478-3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қолдануды айқындау;».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.