Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 қараша 2025 ж.
Бұқар жырау ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұқар жырау ауданыныда оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін есепті салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Мәслихат төрағасы
А. Әли
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.