Кеңсай ауылдық округіндегі көшені қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Кеңсай ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Кеңсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бақасу ауылының
2 шартты көшесі – Кенжебай Мұсаұлы көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Кеңсай ауылдық округ әкімі
А. Смаилов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.