Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 26 қараша 2025 ж.
Шахтинск қаласы және іргелес кенттер бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін салық кезеңінде алынған кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы
Ж. Мамерханова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.