Теміртау қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қараша 2025 ж.

    Теміртау қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726 бабына сәйкес Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Теміртау қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған кезде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы ставкасының мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Мәслихат төрағасы

    А.Ломакин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.