Ертіс ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қараша 2025 ж.

    Ертіс ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ертіс ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мөлшерлемесінің мөлшерін қызмет түріне және орналасқан жеріне байланысты есепті салық кезеңі үшін осындай мөлшерлемелермен салық салынатын кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ертіс аудандық мәслихатының төрағасы

    Б. Шингисов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.