Аққулы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қараша 2025 ж.

    Аққулы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшаға сәйкес Аққулы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аққулы аудандық мәслихатының төрағасы

    А. Касымова

    Аққулы аудандық

    мәслихатының 2025 жылғы

    27 қарашадағы

    № 166/38 шешіміне

    қосымша

    Аққулы аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі «Аққулы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 198/39 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6294 болып тіркелген);

    2. Аққулы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі «Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі «Аққулы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 198/39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 101/20 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 171833 болып тіркелген);

    3. Аққулы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі «Аққулы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі «Аққулы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 198/39 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 34/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 186009 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.