«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 қараша 2025 ж.

    «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларда:

    2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) авторлық ұжым – әзірлеуші және (немесе) баспа қалыптастыратын жеке тұлғалар тобы.»;

    мемлекеттік тілдегі 2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «10) мектепке дейінгі білім беруге арналған оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – МБ ОӘК) – МЖМБС, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына, Талаптарға сәйкес келетін және ұйымдастырылған қызмет ескеріліп, құрамына әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері, демонстрациялық, үлестірме, аудио және бейне материалдар, хрестоматия, дидактикалық ойындар мен альбомдар кіретін оқу және әдістемелік басылымдар жиынтығы;»;

    2-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «22) сараптамалық топ – көрсетілетін қызметті берушінің сарапшылар базасына енгізілген, ғылыми-педагогикалық сараптамаға тартылатын сарапшылар тобы;»;

    мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

    «2-1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары үшін әрбір 5 (бес) жыл сайын, арнайы білім беру ұйымдары үшін әрбір 6 (алты) жыл сайын Тізбені жаңартуды қамтамасыз ететін сараптама жүргізу кестесін бекітеді.

    Бұл ретте білім беру саласындағы уәкілетті орган МБ ОӘК-ні, оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық нысанда әзірлеу және қайта басып шығару мерзімдерін олардың сапасына жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша өзгертуге құқылы»;

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. МБ ОӘК, оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысанда дайындауға Тақырыптық жоспар негіз болады.

    Келесі қаржы жылына арналған Тақырыптық жоспар жыл сайын 5 қаңтардан 15 наурызға дейін осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы баспа және (немесе) әзірлеуші ұсынған МБ ОӘК-ні, оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық нысанда енгізуге болжамды өтінімдер негізінде қалыптастырылады.

    Баспадан және (немесе) әзірлеушіден Тақырыптық жоспарға бір сыныпқа арналған пән бойынша оқулық пен ОӘК-нің, оның ішінде электрондық нысанда бір аталым енгізіледі. Болжамды өтініштің көлемі жоспардан артқан жағдайда Тақырыптық жоспарға көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерінің жалпы көлемінен МБ ОӘК-нің, оқулықтардың, ОӘК-нің, оның ішінде электрондық нысанда тең үлестері енгізіледі.»;

    мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

    «3-1. Көрсетілетін қызметті беруші ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне (бұдан әрі – Комитет) келесі қаржы жылына арналған Тақырыптық жоспарды енгізеді, Комитет ағымдағы жылдың 15 мамырынан кешіктірмей Тақырыптық жоспарды бекітеді және бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитеттің және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырады.

    3-2. Тақырыптық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар республикалық бюджеттен көзделген қаражат шеңберінде енгізіледі.

    Комитет Тақырыптық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитеттің және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында ақпаратты өзектендіреді.»;

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Оқулық пен ЭО-ны дайындауды авторлық ұжымды қалыптастыру жолымен әзірлеуші немесе баспа ұйымдастырады, оның құрамына оқулықтар мен ЭО-ны әзірлеу мәселелері бойынша оқыту курстарынан өткен ғалымдар, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.

    МБ ОӘК, ОӘК, оқу құралын, оның ішінде электрондық нысанда дайындауды оқу басылымының авторы және (немесе) авторлық ұжым жүзеге асырады.»;

    10-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

    3-тараудың 1-параграфы алынып тасталсын;

    21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «21. Жаңадан әзірленген оқулықтар мен ОӘК-ні сараптамаға қабылдау ағымдағы жылғы 30 маусымға дейін, МБ ОӘК, ЭО, ЭОӘК, қайта басып шығарылатын оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы үшін ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін жүзеге асырылады.

    Оқу құралдарды, ЭОҚ-ны сараптамаға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.»;

    23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «23. МБ ОӘК-ге, оқулықтарға, ОӘК-ге, оқу құралдарына, оның ішінде электрондық нысанда ғылыми-педагогикалық сараптаманы көрсетілетін қызметті беруші қалыптастыратын сараптамалық топ күнтізбелік 50 (елу) күн ішінде жүргізеді.

    Сараптамалық топ мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар, сарапшылар базасына енгізілген «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» және (немесе) «педагог-шебер» біліктілік санаты бар ғалымдар мен педагогтер қатарынан тұрады. Ғылыми-педагогикалық сараптама жүргізуге «ЖОО-ның үздік оқытушысы», «Үздік педагог» республикалық конкурстарының жеңімпаздары, ведомстволық және мемлекеттік наградалардың иегерлері де тартылады.»;

    34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «34. Көрсетілетін қызметті беруші Ғылыми кеңестің шешімімен бекітілетін сараптама критерийлерін оқу басылымдарын бағалаудың негізгі өлшемдері бойынша әзірлейді:

    1) құрылымы мен ұйымдастырылуы;

    2) мазмұны;

    3) дидактикалық аспектілері;

    4) әдістемелік аспектілері;

    5) тіл деңгейі;

    6) психологиялық және психолингвистикалық аспектілері;

    7) этномәдени және құндылық аспектілері;

    8) цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллектті пайдалану;

    9) саралау аспектілері;

    10) макет пен дизайн.»;

    63, 64, 65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «63. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбеге енгізілген жаңадан әзірленген МБ ОӘК, оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағыны бағалау мақсатында білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу процесінде бірінші жыл пайдаланылғаннан кейін олардың сапасына мониторинг (бұдан әрі – мониторинг) жүргізеді.

    64. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбе бекітілген күннен бастап мониторинг жүргізу үшін жаңадан әзірленген МБ ОӘК-нің, оқулықтар мен ОӘК-нің, оның ішінде электрондық нысандағы түрімен таныстыру (демонстрациялық) үшін электрондық нұсқаларын өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

    65. Жаңадан әзірленген МБ ОӘК, оқулықтар мен ОӘК-нің, оның ішінде электрондық нысандағының сапасының мониторингін көрсетілетін қызметті берушінің Ғылыми кеңесі бекіткен әдіснаманың негізінде оқу жылының ішінде бақылау, педагогтер, білім алушылар, ата-аналар немесе заңды өкілдерінің арасында сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

    66. Талдамалық анықтама түріндегі мониторинг нәтижелері жаңадан әзірленген МБ ОӘК, оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық нысанда жетілдіруге қатысты ұсынымдарды қамтиды және білім беру саласындағы уәкілетті органның қарауына ұсынылады. Мониторинг қорытындылары қайта басып шығару кезінде МБ ОӘК-нің, оқулықтар мен ОӘК-нің, оның ішінде электрондық нысандағыларының мазмұнына өзгерістер енгізуге немесе білім беру ұйымдары талап етпеген МБ ОӘК-ні, оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық нысандағыларын Тізбеден алып тастауға негіз болады.»;

    осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

    4-қосымшада:

    мемлекеттік тілдегі 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:

    «

    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1. Әзір­ле­у­ші және (неме­се) бас­па (мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие мен оқы­ту үшін) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге мы­на­дай ма­те­ри­ал­дар­ды жі­бе­ре­ді:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша МБ ОӘК са­рап­та­ма жүр­гізу­ге өті­ніш;
    2) оқу ба­сы­лы­мы­ның ав­то­ры / ав­тор­лық ұжым ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да), ғы­лы­ми дә­ре­же­сі мен атақ­та­ры, бі­лік­ті­лік са­нат­та­ры, жұ­мыс ор­ны және ла­у­а­зы­мы, рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі;
    3) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша МБ ОӘК-ге бас­па­і­ші­лік са­рап­та­ма жүр­гі­зу ту­ра­лы бас­па бас­шы­сы­ның қо­лы қой­ы­л­ған және ұй­ым­ның мө­рі­мен (болған жағ­дай­да) рас­тал­ған қо­ры­тын­ды;
    4) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша МБ ОӘК-ні тәу­ел­сіз ба­ға­лау ту­ра­лы әзір­ле­у­ші қол қой­ған қо­ры­тын­ды;
    5) са­рап­та­ма­ға жі­бе­рі­ле­тін МБ ОӘК-нің кө­ле­мі ту­ра­лы (бас­па па­рақ­та­ры­мен және ми­нут­та­ры­мен) бас­па бас­шы­сы қол қой­ған хат;
    6) әзір­ле­у­ші, бас­па және оқу ба­сы­лы­мы­ның ав­тор­ла­ры көр­се­тіл­ме­ген МБ ОӘК-нің (бас­па-элек­трон­дық), оның ішін­де оның USB та­сығ­ы­ш­та­ғы, PDF фор­ма­тын­да­ғы элек­трон­дық нұс­қа­сы­ның ма­кет-түп­нұс­қа­ның үш да­на­сы, әзір­ле­у­ші, бас­па және оқу ба­сы­лы­мы­ның ав­тор­ла­ры көр­се­ті­л­ген МБ ОӘК-нің (бас­па-элек­трон­дық), оның ішін­де оның USB та­сығ­ы­ш­та­ғы, PDF фор­ма­тын­да­ғы элек­трон­дық нұс­қа­сы­ның ма­кет-түп­нұс­қа­ның бір да­на­сы;
    7) элек­трон­дық МБ ОӘК үшін – ер­кін фор­ма­да бе­рі­л­ген ор­на­ту жө­нін­де­гі нұс­қа­улық және пай­да­ла­ну­шы­ға ар­нал­ған нұс­қа­улық;
    8) тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат (ақы­лы негіз­де са­рап­та­ма жүр­гі­зі­л­ген­де).
    2. Әзір­ле­у­ші және (неме­се) бас­па (ба­ста­уыш, негіз­гі ор­та, жал­пы ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры және жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру үшін) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге мы­на­дай ма­те­ри­ал­дар­ды жі­бе­ре­ді:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша оқулық­тар­ға, ЭО-ға, ОӘК-ге, ЭО­ӘК-ге, оқу қрал­да­ры­на, ЭО-ға са­рап­та­ма жүр­гізу­ге өті­ніш;
    2) оқу ба­сы­лы­мы­ның ав­то­ры/ ав­тор­лық ұжым ту­ра­лы мә­лі­мет­тер: те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да), ғы­лы­ми дә­ре­же­сі мен ата­ғы, бі­лік­ті­лік са­нат­та­ры, жұ­мыс ор­ны мен ла­у­а­зы­мы және рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі. Оқу ба­сы­лы­мы­ның ав­то­ры оқулық­тар­ды әзір­леу са­ла­сын­да оқы­ту кур­ста­ры­нан өт­ке­ні ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тар­ды қо­сым­ша ұсы­на­ды;
    3) Тіз­бе­ге ен­гі­зі­л­ген жағ­дай­да, бас­па­ның, әзір­ле­у­ші­нің оқулық­тар мен ОӘК-нің элек­трон­дық нұс­қа­сын ePub фор­ма­тын­да бі­лім бе­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ру ту­ра­лы жа­з­ба­ша ке­лі­сі­мі;
    4) осы Қа­ғи­да­лар­дың 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша оқулық­тар мен ОӘК-нің бас­па­і­ші­лік са­рап­та­ма­сын жүр­гі­зу ту­ра­лы бас­па бас­шы­сы қол қой­ған және ұй­ым­ның мө­рі­мен рас­тал­ған қо­ры­тын­ды;
    5) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша әзір­ле­у­ші қол қой­ған оқулық­тар мен ОӘК-ні тәу­ел­сіз ба­ға­лау ту­ра­лы қо­ры­тын­ды;
    6) оқу ма­те­ри­ал­да­ры мен ба­стап­қы де­реккөз­дер­ді пай­да­ла­ну­да ав­тор­лық және аза­мат­тық құқық­тар­дың бұ­зы­луы­ның жоқ­тығы ту­ра­лы бас­па­ның бас­шы­сы қол қой­ған ке­піл­дік хат;
    7) са­рап­та­ма­ға жі­бе­рі­ле­тін оқулық­тар, ОӘК мен оқу құ­рал­да­ры­ның, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да­ғы кө­ле­мі (бас­па па­рақ­та­ры мен ми­нут­та­ры) ту­ра­лы бас­па бас­шы­сы қол қой­ған хат;
    8) әзір­ле­у­ші, бас­па және оқу ба­сы­лы­мы­ның ав­тор­ла­ры көр­се­тіл­ме­ген оқулық­тар (бас­па-элек­трон­дық), ОӘК мен оқу құ­рал­да­ры­ның (оның ішін­де оның USB та­сығ­ы­ш­та­ғы, PDF фор­ма­тын­да­ғы элек­трон­дық нұс­қа­сы) ма­кет-түп­нұс­қа­ның үш да­на­сы, әзір­ле­у­ші, бас­па және оқу ба­сы­лы­мы­ның ав­тор­ла­ры көр­се­ті­л­ген оқулық­тар (бас­па-элек­трон­дық), ОӘК мен оқу құ­рал­да­ры­ның (оның ішін­де оның USB та­сығ­ы­ш­та­ғы, PDF фор­ма­тын­да­ғы элек­трон­дық нұс­қа­сы) ма­кет-түп­нұс­қа­ның бір да­на­сы, ЭО, ЭО­ӘК және ЭОҚ үшін ие­сіз­ден­ді­рі­л­ген плат­фор­ма­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған түп­нұс­қа­ға сі­л­те­ме және USB та­сығ­ы­ш­та­ғы (бас­па­ны, әзір­ле­у­ші­ні және (неме­се) оқу ба­сы­лы­мы­ның ав­тор­ла­рын/ав­тор­лық ұжым­ды көр­се­те оты­рып) ма­кет. ЭОҚ са­рап­та­ма­сын жүр­гі­зу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы оны көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге са­рап­та­ма жүр­гі­зу ке­зе­ңін­де уа­қыт­ша ұсы­на­ды. ЭОҚ-ны сақ­тау және қол­да­ну үшін са­рап­та­ма аяқ­тал­ған­нан кей­ін жаб­дық­тың бір да­на­сы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де қа­ла­ды;
    9) ЭО, ЭО­ӘК, ЭОҚ үшін – ер­кін фор­ма­да бе­рі­л­ген ор­на­ту жө­нін­де­гі нұс­қа­улық және пай­да­ла­ну­шы­ға ар­нал­ған нұс­қа­улық;
    10) тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат (са­рап­та­ма ақы­лы негіз­де жүр­гі­зі­л­ген­де).
    Ес­кер­ту:
    Ақы­лы негіз­де қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де (Та­қы­рып­тық жос­пар­ға ен­гі­зіл­ме­ген оқу ба­сы­лым­да­рын са­рап­та­у­ға қа­был­дау) қыз­мет көр­се­ту­ге екі жақ­ты шарт жа­сау үшін оқу ба­сы­лы­мы ав­то­ры­ның / бас­па бас­шы­сы­ның же­ке ку­ә­лі­гі неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі ар­қы­лы элек­трон­дық құ­жат (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін) та­лап еті­ле­ді.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше көз­дел­ме­се, ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де­гі за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­ядан тұ­ра­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға жа­з­ба­ша ке­лі­сім бе­ре­ді.
    Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жі­бе­ре­ді.
    »;
    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­тар топ­та­ма­сын Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға тап­сы­руы үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­ле­тін ең көп уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­ле­тін ең көп уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут.
    Жа­ңа­дан әзір­лен­ген оқулық­тар мен ОӘК-ні са­рап­та­ма­ға қа­был­дау ағым­да­ғы жы­л­ғы 30 мау­сым­ға дей­ін, МБ ОӘК, ЭО, ЭО­ӘК, қай­та ба­сы­л­ған оқулық­тар мен ОӘК, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да­ғы үшін ағым­да­ғы жы­л­ғы 1 қа­зан­ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Оқу құ­рал­да­рын, ЭОҚ-ны са­рап­та­ма­ға қа­был­дау күн­тіз­бе­лік жыл ішін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту, өз бе­тін­ше жү­ріп-тұ­ру, бағ­дар­ла­ну қа­бі­ле­тін неме­се мүм­кін­ді­гін то­лық неме­се іші­на­ра жо­ғал­тқан көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800-080-7777 те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы өті­ніш бе­ру жо­лы­мен Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып жүр­гі­зе­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның «1414» 8-800-080-7777 те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    ».
    2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы

    М. Мелдебекова

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрінің

    міндетін атқарушы

    2025 жылғы 24 қарашадағы

    № 262

    бұйрығына қосымша

    Орта білім беру ұйымдарына

    арналған оқулықтарды және

    мектепке дейінгі ұйымдарға,

    орта білім беру ұйымдарына

    арналған оқу-әдісмемелік

    кешендерді дайындау, сараптау,

    сынақтан өткізу және мониторинг

    жүргізу, басып шығару

    жөніндегі қағидаларға

    2-1-қосымша

    Нысан

    Тақырыптық жоспарға МБ ОӘК-ні, оқулықтар мен ОӘК-ні, оның ішінде электрондық нысанда енгізуге болжамды өтінім

    Бас­па/ әзір­ле­у­ші
    Пән
    Оқу ба­сы­лы­мы­ның ата­уы
    Ка­те­го­рия (оқулық, ОӘК тү­рі)
    Бө­лім­дер са­ны
    Сы­нып
    Әзір­леу ны­са­ны
    Оқы­ту ба­ғы­ты
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    Әзір­леу ті­лі
    Оқы­ту ті­лі
    Ба­сы­лым тү­рі
    Ав­тор­лар
    Бет са­ны
    Бас­па та­бақ­та­ғы кө­ле­мі
    Ми­нут­пен кө­ле­мі
    Тап­сы­ру айы
    Тап­сы­ру жы­лы
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.