Ойыл ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 қараша 2025 ж.

    Ойыл ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.

    2. «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ойыл ауданының әкімі

    А. Казыбаев

    Ойыл ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы «25» қарашадағы

    № 179 қаулысына қосымша

    1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф

    Ме­ке­ме­лер­дің түр­ле­рі
    Қыз­мет алушы­лар­дың түр­ле­рі
    Кү­ніне 1 қыз­мет алушы­ның та­ри­фі (тең­ге)
    1
    2
    3
    5
    1.
    Үй­де қыз­мет көр­се­ту
    1) пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ауыт­қу­ла­ры бар бір жа­рым жастан он се­гіз жас­қа дей­ін­гі мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар;
    2) ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған бір жа­рым жастан он се­гіз жас­қа дей­ін­гі мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар;
    3) пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­ла­ры бар он се­гіз жастан ас­қан мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар;
    4) бі­рін­ші және екін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар;
    5) егде жа­сы­на бай­ла­ны­сты өзіне қыз­мет­тер көр­се­ту­ге мүм­кін­ді­гі жоқ адам­дар.
    4411,47

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.