Байзақ ауданы Мырзатай ауылдық округінің Мырзатай ауылындағы кейбір құрамдас бөліктерге атау беру және қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қазан 2025 ж.

    Байзақ ауданы Мырзатай ауылдық округінің Мырзатай ауылындағы кейбір құрамдас бөліктерге атау беру және қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып Мырзатай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. Мырзатай ауылдық округі Мырзатай ауылының атауы жоқ жаңа көшесін Достық көшесі деп атау берілсін.

    2. Мырзатай ауылдық округі Мырзатай ауылының Садовая тұйық көшесін Бірлік көшесі болып қайта аталсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын өз бақылауымда қалдырамын.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

    Мырзатай ауылдық округінің әкімі

    А. Оспаналиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.