Қарасай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Қарасай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарасай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салық мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) табыс бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

    2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қарасай аудандық мәслихатының төрағасы

    Б.Айнабеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.