2026 жылға арналған Успен ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қараша 2025 ж.

    2026 жылға арналған Успен ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Успен ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2026 жылы 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Успен аудандық мәслихатының төрағасы

    Ж. Бараисов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.