Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі (бөлшек салық) арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726- бабына сәйкес, Ұлан ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлан ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшерін алынған (алынуға жататын) кірістер (шығыстарды есепке алмағанда) бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Ұлан ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 127 «Ұлан ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8992-16 нөмірімен тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 09.04.2024 жылы жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Аудандық мәслихат төрағасы
Г. Калиева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.