Құрманғазы ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 қараша 2025 ж.

    Құрманғазы ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Құрманғазы ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

    2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Мәслихат төрағасы

    Г. Калиева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.