Глубокое ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған жағдайда салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қараша 2025 ж.

    Глубокое ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған жағдайда салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Глубокое ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған жағдайда төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

    2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы

    А. Калигожин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.