Құрылыс объектісін ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін объектілерге жатқызу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қараша 2025 ж.

    Құрылыс объектісін ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін объектілерге жатқызу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы «Алтын Орда-3» шағын ауданында футбол стадионын салу» құрылыс объектісі ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін объектілерге жатқызылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-миниcтріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Министр

    Е. Нағаспаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.