Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 651-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 736 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
20 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру үшін төлемақы мөлшерлемелері
|
Төлеушілер
|
Төлемақы мөлшерлемелері, % *
|
|
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары
|
1,3992
|
|
Ұялы байланыс операторлары
|
1,3992
* Ескертпе: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 650-бабына сәйкес жылдық төлемақыны есептеу үшін 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.
_______________________________________
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.