Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 қараша 2025 ж.

    Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 577-бабына, 581-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. Алтай ауданы бойынша автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.

    3. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын жатқан елді мекен Алтай қаласы болып айқындалсын.

    4. «Алтай ауданының мәслихат аппараты» мемлкеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімнің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

    5. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Алтай ауданының мәслихат төрағасы

    Л. Гречушникова

    Алтай ауданының мәслихатының

    2025 жылғы 25 қарашадағы

    № 34/3-VIII шешіміне

    1-қосымша

    Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

    р/с
    Ав­то­тұ­рақ­тар (пар­кинг­тер)
    Са­нат­тар
    1
    Жа­бық үл­гі­де­гі же­рү­сті ав­то­тұ­рақ­тар (пар­кинг­тер­ге), ашық үл­гі­де­гі ав­то­тұ­рақ­тар (пар­кинг­тер­ге)
    1- са­нат
    2
    Өзге мақ­сат­та­ғы ғи­ма­рат­тар­ға жап­сар­лай са­лын­ған ав­то­тұ­рақ­тар (пар­кинг­тер­ге), өзге мақ­сат­та­ғы ғи­ма­рат­тар­ға кі­рік­ті­рі­л­ген ав­то­тұ­рақ­тар (пар­кинг­тер­ге)
    2- са­нат
    3
    Ғи­ма­рат­тар­дың астын­да же­ра­с­ты, жер­тө­ле, цо­коль­ды неме­се же­рү­сті тө­мен­гі қа­бат­тар­да ор­на­лас­қан ав­то­тұ­рақ­тар (пар­кинг­тер)
    3- са­нат

    Алтай ауданының мәслихатының

    2025 жылғы 25 қарашадағы

    № 34/3-VIII шешіміне

    2-қосымша

    Алтай ауданы аумағында автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері

    р/с
    Ав­то­тұ­рақ­тар­дың (пар­кинг­тер
    дің) са­нат­та­ры
    Ав­то­тұ­рақ­тар­ға (пар­кинг­тер­ге) бө­лін­ген жер­лер­ге ба­за­лық са­лық мөл­шер­ле­ме­ле­рі
    Ба­за­лық мөл­шер­ле­ме­лер­дің ұл­ға­юы
    Аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар (Ал­тай, Се­реб­рянск)
    Кент­тер
    Ауыл­дар
    1
    1-са­нат
    7,24
    0,96
    0,48
    10 есе
    2
    2-са­нат
    7,24
    0,96
    0,48
    9 есе
    3
    3-са­нат
    7,24
    0,96
    0,48
    8 есе

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.