Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 25 қараша 2025 ж.
Сәтбаев қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтарының мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сәтбаев қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі 4 пайыздан 3 пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы
Қ. Балмағамбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.