Алтай ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 қараша 2025 ж.

    Алтай ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 582-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 43/3-VІ «Алтай ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерiн бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-12-191болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 577, 578-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері, жерлерге:

    1) Алтай қаласы (үй маңындағы жер учаскелерін қоспағанда), жер салығының базалық мөлшерлемесі:

    I, II, V, VI-аймақтар бойынша – 50 % арттырылсын;

    III, IV-аймақтар бойынша – 40 % арттырылсын.

    2) Серебрянск қаласы (үй маңындағы жер учаскелерін қоспағанда), жер салығының базалық мөлшерлемесі:

    I, II, III, IV, V-аймақтар бойынша – 50 % арттырылсын.

    3) Алтай ауданының ауылдық елді мекендері (үй маңындағы жер учаскелерін қоспағанда), жер салығының базалық мөлшерлемесі:

    I, II, III, IV, V-аймақтар бойынша – 50 % арттырылсын;

    VI-аймақ бойынша – 40 арттырылсын;

    VII-аймақ бойынша:

    Дородница, Бородино ауылы – 50 % арттырылсын;

    Заводинка, Северное, Васильевка, Богатырево, Шірікқайың, Александровка ауылы (Средигорное ауылдық округі) – 40 % арттырылсын;

    Баяновск, Андреевка, Пролетарка, Орловка, Крестовка ауылы - 30 % арттырылсын.

    VIII-аймақ бойынша:

    Ермаковка, Алтайка ауылы – 50 % арттырылсын;

    Бұқтырма, Селезневка станциясы, Быково, Кутиха ауылы – 40 % арттырылсын;

    Сажаевка ауылы – 30 % арттырылсын.

    IX-аймақ бойынша:

    Березовка ауылы – 50 % арттырылсын;

    Александровка, Кремнюха ауылы – 40 % арттырылсын.

    4) Алтай ауданының елді мекендерінен тыс орналасқан өнеркәсіп, жер салығының базалық мөлшерлемесі:

    I-аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;

    II-аймақ бойынша – 40 % арттырылсын;

    III-аймақ бойынша – 30% арттырылсын.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Алтай ауданының мәслихат төрағасы

    Л. Гречушникова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.